Коммунальное государственное предприятие на ПХВ
"Районная больница Осакаровского района"
Управления здравоохранения Карагандинской области
10100 Казахстан, Карагандинская область, Осакаровский район, п. Осакаровка, ул. Школьная, 124
+7 (72149) 41-37-8, 42-07-7, 42-29-2
Номер регистратуры - 41-57-6, 8(72149)79900

kgkprmo@mail.ru


Номер бесплатной телефонной линией 8-800-08-88-87 для получения информации по применению лекарственных средств
Служба поддержки пациента и внутреннего контроля.
Тел. 87214943383 сот.87771342689
График работы кабинета 8:30 - 17:30 перерыв 13:00 - 14:00

Архив новостей

05 Ноября 2018 17:37

Бас прокуратурада электр қуаты мен жылу бағасына қатысты мәселелер талқыланды


2018 жылғы 24 қазан, Астана. Қайрат Қожамжаров төрағалық еткен Бас прокуратураның алқа отырысында электр қуаты мен жылудың бағасын қалыптастырудағы заңдылық талқыланды.

Алқа жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғабит Байжанов, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші Орынбасары Мәулен Әшімбаев, орталық мемлекеттік органдар мен монополист-кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Бас Прокурор қатысушыларға Мемлекет басшысының қазандағы Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және табиғи монополиялар көрсететін қызметтердің ақысын өсірмеу туралы тапсырмасын еске салды.

«Президент монополистердің қызметіне тиімді мониторинг жасауға және баға орнату кезінде ашықтықты қамтамасыз етуді талап етті. Тариф мәселесі халық үшін өте маңызды, өйткені отбасылық бюджеттен коммуналдық қызметтерге айтарлықтай қаржы жұмсалады», - деді                        Қ. Қожамжаров.  

Ол тариф белгілеуге қатысты бірқатар салалық проблемаларды, соның ішінде Энергетика және Ұлттық экономика министрлігі тарапынан мемлекеттік бақылаудың тиісті  деңгейде жүргізілмегенін атап өтті.

Тексерулер кезінде еліміздегі көптеген электр стансалары тұтынушылар үшін электр энергиясының бағасын жоғарлатуға әсер еткен негізсіз тарифтер бойынша ұзақ уақыт жұмыс істегені анықталды.

Энергия беруші және жабдықтаушы ұйымдар тарифтерді көтеру  арқылы 29 млрд. теңге мөлшерінде пайда тапқан.

Мәселен, «Астанаэнергосбыт» тарифті қалыптастыру кезінде электр энергиясын 11,8 теңгеден сатып алатынын көрсеткен, іс жүзінде 2 есе арзанға сатып алған.

Нәтижесінде елорда тұрғындарынан 2,6 млрд. теңгеге артық қаржы алынды.

Осындай жолмен Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жабдықтаушылар әрекет етіп,
1 млрд. теңге көлемінде негізсіз пайда тапқан.

Монополистер прокурорлық шаралардың нәтижесінде 5 млн. тұтынушыға 13 млрд. теңгеге жуық шығынды өтеді.

14 өңірде электр қуаты мен жылудың бағасы төмендетілді.

Оған дейін Қапшағай қаласында бір бөлмелі пәтерді жылыту үшін шамамен 9,5 мың теңге төленсе, қабылданған шаралардан кейін ақысы   4,5 есеге төмендеп, 2,2 мың теңгені құрады.

Тұрғындарға жылу есептейтін құралдарды орнату кезінде мемлекеттік қаражат тиімсіз жұмсалған.

Мәселен, Қарағанды облысы Саран қаласында орталықтандырылған жылудың жоқтығына қарамастан, 2015 жылы 215 млн. теңгеге 274 жылу есептеуіш құралы орнатылған.

Бұл әрекет бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тексеру нәтижесінде жалпы 15 лауазымды тұлға жіберген олқылықтар үшін жазаға тартылды, монополистерге 159 млн. теңге айыппұл салынды, 10 қылмыстық іс қозғалды.

Сөзін қорытындылай келе Бас Прокурор табиғи монополиялар субъектілерінің басшыларына қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, жұмыс тәсілін өзгертуге шақырды.

«Энергия қорының елеулі бөлігінің қолдарыңызда болуы сіздерге тұтынушылардың мүдделеріне назар аудармау құқығын бермейді. Прокуратура органдары құқық қорғау функциясын ескере келе, тарифтерді белгілеу мәселелерін жүйелі түрде бақылайды», - деп сөзін түйіндеді                      Қ. Қожамжаров.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша тарифті қалыптастыру кезінде ашықтық деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар қабылданды.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 


Вернуться назад

Коммунальное государственное предприятие на ПХВ
"Районная больница Осакаровского района"
Управления здравоохранения Карагандинской области
Яндекс.Метрика