Қарағанды обласының денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ "Осакаров ауданының аудандық ауруханасы"
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
10100 Казахстан, Карагандинская область, Осакаровский район, п. Осакаровка, ул. Школьная, 124
+7 (72149) 41-37-8, 42-07-7, 42-29-2
Номер регистратуры - 41-57-6, 8(72149)79900

kgkprmo@mail.ru


Дәрілік заттарды қолдану бойынша ақпарат алу үшін
8-800-08-88-87 тегін телефон желісінің нөмірі
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі.
Тел. 87214943383 сот.87771342689
Кабинеттің жұмыс кестесі 8:30 - 17:30 үзіліс 13:00 - 14:00

Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!

Медициналық қызмет көрсету сапасына, медициналық этика мен деонтологияның бұзылуына қатысты шағымды (өтініштерді) e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы беруге құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.
Сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/e-otinish

Өтінім беру туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы «Осакаров ауданының аудандық орталық ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жауапты қызметкері Кожанова Б.А. тел. 872149 41378

11 Наурыз 2024 00:46

НЕ СЕБЕПТІ БЕЙІНДІ МАМАНҒА ТЕРАПЕВТ АРҚЫЛЫ БАРУЫМ КЕРЕК?


Учаскелік дәрігердің әрбір қабылдауы жеке төленеді. Сондықтан емханалар үшін пациентті бейінді мамандарға терапевт арқылы жолдау арқылы бағытын күрделендіру пайдалы деген пікір бар.

❌️ Бұл олай емес.

Учаскелік дәрігерлердің, соның ішінде терапевтің қабылдауы мен кеңес беруі бір адамға айына базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативіне енгізілген.

Бұл учаскелік дәрігерлердің қабылдауларының саны емханалардың қаржыландырылуына ешбір әсер етпейтінін білдіреді.

☝️ Бұдан бөлек, ережеден тыс жайттар де бар. Сізге тоғыз жағдайда терапевтің жолдамасы қажет етілмейді.

❗️ Сонымен қатар, маршруттауды құруда терапевке басым рөл берілуінің бес объективті себебі бар.

✅ алғашқы қабылдау кезінде тек учаскелік терапевт алдын-ала диагноз немесе диагноз қояды және ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес түпкілікті диагноз қою үшін қажетті зерттеу әдістерін анықтайды

✅ дәл осы учаскелік дәрігерлер негізгі және қосалқы ауруларды анықтау үшін тексерулердің жалпы немесе кеңейтілген тізбесіне жолдама беруге уәкілетті

✅ Тек МСАК дәрігері ғана көрсетілімдер бойынша пациентті тәулік бойғы стационарға шұғыл емдеуге жатқыза алады, үйде стационар ұйымдастыра алады, қажетті тексеру көлемін жүргізгеннен кейін пациентті күндізгі стационарға немесе тәулік бойғы стационарға жіберуді жоспарлай алады, қажет болған жағдайда пациентті психологқа немесе әлеуметтік қызметкерге консультацияға жібере алады, тегін дәрілік препараттарға рецептер жаза алады.

✅ көп жағдайда қажет болған кезде пациентті диспансерлік есепке алатын және оның диагнозына сәйкес кейінгі диспансерлік бақылауды жүзеге асыратын учаскелік дәрігер болып табылады

✅ МСАК ұйымдарында тиісті менеджментті ұйымдастыру кезінде бұл бейінді дәрігерлерге қабылдау кезектілігін және негізсіз өтініштердің санын азайтуға көмектеседі.

 


Вернуться назад

Қарағанды обласының денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ "Осакаров ауданының аудандық ауруханасы"
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Яндекс.Метрика