Коммунальное государственное предприятие на ПХВ
"Районная больница Осакаровского района"
Управления здравоохранения Карагандинской области
10100 Казахстан, Карагандинская область, Осакаровский район, п. Осакаровка, ул. Школьная, 124
+7 (72149) 41-37-8, 42-07-7, 42-29-2
Номер регистратуры - 41-57-6, 8(72149)79900

kgkprmo@mail.ru


Номер бесплатной телефонной линией 8-800-08-88-87 для получения информации по применению лекарственных средств
Служба поддержки пациента и внутреннего контроля.
Тел. 87214943383 сот.87771342689
График работы кабинета 8:30 - 17:30 перерыв 13:00 - 14:00

Архив новостей

05 Ноября 2018 17:39

Бас прокуратура тарифтердің өсу себептерін атады


Бас прокуратура тарифтердің өсу себептерін атады
 
Бүгін Бас прокуратураның алқа мәжілісінде электр, жылу энергиясына тарифтерді қалыптастыру кезінде заңдылықтың жай-күйі талқыланды.Қайрат Қожамжаров атап өткендей, монополистер тарапынан қаржылық бұзушылықтар 29 млрд. теңгеге анықталды.«Бір жағынан, тарифтерге монополияға қарсы ведомствоның үнсіз келісімі бойынша өз қызметкерлеріне сыйлықтар мен бонустар, сондай-ақ несиелер бойынша сыйақылар негізсіз қосылып отырған. Екінші жағынан, шығындарды ұлғайту мақсатында жабдықтарды жоғары бағамен жөндеу және сатып алу үшін арнайы сервистік кәсіпорындар құрылған. Алынған табыс «заңсыз» компаниялар арқылы шығарылып отырған», - деді Бас Прокурор.
 
Мәселен, «Маңғыстау БЭК» сметасында 1 млрд. теңгеге жуық сыйақы мен басқа да сыйақы шығыстары негізсіз ескерілген.Бұл шығындарды монополист өзі көтеруі тиіс.Прокуратура тұтынушыларға келтірілген залалды тарифті төмендету арқылы өтеу бойынша шаралар қабылдауда.Монополистер тұтынушылар есебінен 29 млрд. теңгеге байығанБас Прокурор Қайрат Қожамжаров монополистердің шығындарды қасақана арттырып отырғаны және 29 млрд. теңгеге жасалған күмәнді мәмілелері туралы айтты.Бұл туралы ол электр, жылу энергиясы тарифтерін қалыптастыру кезінде заңдылық мәселелері талқыланған Бас прокуратураның алқа отырысында хабарлады.
 
Мәселен, «Қарағанды ЭТК» электр желілерін жөндеу бойынша «МДМ» және «АлмаТрансКомпани» ЖШС 218 млн. теңгеге келісім-шарттар жасаған.Орындалған жұмыстар актілерінің болуына қарамастан, олар іс жүзінде жүргізілмеген.Сот осы мәмілелерді жарамсыз деп таныды.
 
Прокуратура монополисті тұрғындардың ақшасын қайтаруға міндеттеді.
 
Бір тексеру кезінде прокурорлар уәкілетті органның 3 жылдық көрсеткішінен 8 есе артық соманы анықтаған Қ. Қожамжаров энергетика және ұлттық экономика министрліктері арасындағы тариф белгілеу саласындағы мемлекеттік бақылауды «бұлыңғыр» деп атады.
Бұл туралы ол Бас прокуратураның алқа отырысында мәлімдеді. Жиында электр және жылу энергиясына тарифтерді қалыптастыру кезіндегі заңдылық мәселелері талқыланды. Тарифтер бөлек-бөлек белгіленуде, монополистер шығындарының растығын анықтау бойынша салық органдарымен өзара келісім жоқ.
Егер 3 жыл ішінде уәкілетті орган тұтынушыларға электр энергиясы бойынша небәрі 3,7 млрд теңгені өтесе, онда прокурорлар тек бір тексеру кезінде 8 есе артық соманы анықтады, - деп атап өтті Бас Прокурор. Прокурорлар бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау фактілерін анықтады
Бүгін Бас прокуратурада өткен алқа мәжілісінде бюджет қаражаттарын тиімсіз жұмсау фактілері бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу туралы айтылды. Ведомствода атап өткендей, 23 қалада жылу есептегіш құралдарын орнату үшін бюджеттен 6,2 млрд. теңге бөлінген.
Индустрия және даму министрлігіне қарасты Қор оларды тікелей өндірушілерден сатып алуды жоспарлаған, алайда іс жүзінде оларды делдалдардан сатып алған. Нәтижесінде бюджеттен шамамен 1 млрд. теңге артық ысырапталған.
Қарағанды облысының Саран қаласында 215 млн. теңгеге 274 есептегіш орнатылған, алайда қалада орталық жылу тіпті жоқ. Таразда актілер бойынша 162 млн. теңгеге нақты орнатылмаған аспаптар қабылданған. Бас прокуратура монополистерді заңсыз байыту схемасын анықтады
Бүгін Бас прокуратурада өткен алқа отырысында монополистердің тұтынушылар есебінен заңсыз байығаны айтылды. Қадағалау органында атап өткендей, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өз шығындарын жасанды түрде ұлғайтып отырған. Мысалы, «АлматыЭнергоСбыт» іс жүзінде жұмсалмаған 1,1 млрд. теңге шығысты шығындарға қосқан.
 
Келесі жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде электр энергиясын сатып алу құны арттырылған.
 
Мәселен, «Астанаэнергосбыт» тарифті қалыптастыру кезінде электр энергиясын 11,8 теңгеден сатып алатынын көрсеткен, іс жүзінде 2 есе арзанға сатып алған. Нәтижесінде елорда тұрғындарынан 2,6 млрд. теңге артық өндірілді.
Үшінші тәсіл. Жеке және заңды тұлғаларға энергияны сату көлемінің айла-шарғы есебінен 8 энергиямен жабдықтаушы компания 4,3 млрд. теңге мөлшерінде негізсіз табыс тапқан. Мысалы, «Атырау Энерго Сату» бағаны келісу кезінде жеке тұлғаларға 413 млн.квт 5,3 теңгеге сататынын, ал мемлекеттік мекемелер мен компанияларға 858,3 млн.квт 18 теңгеге сататынын мәлімдеген. Киловатт құны орташа есеппен 11,6 теңгені құраған.Алайда, іс жүзінде 2017 жылы заңды тұлғаларға 380 млн. кВт артық сатылған, орташа сараланған тариф 13,8 теңгені құраған, бұл монополияға қарсы органмен келісілгеннен 20%-ға артық.
 
Нәтижесінде 2016-2017 жылдары «Атырау Энерго Сату» 1,2 млрд. теңге көлемінде негізсіз табысқа ие болған.Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласының жабдықтаушылары да тұтынушылардан 3,1 млрд. теңгені артық өндіріп алған.Прокурорлық тексеруден кейін тұрғындарға 13 млрд. теңге өтелді Бүгін Бас прокуратура алқасында электр және жылу энергиясын қалыптастыру кезінде заңдылықтың сақталуын тексеру нәтижелері талқыланды.
Қадағалау шараларының нәтижесінде қазірдің өзінде 14 өңірде электр энергиясы мен жылу тарифтері төмендетілген. Шамамен 5 млн. тұтынушыға 13 млрд. теңге өтелді.
Мысалы, егер бұрын Қапшағай қаласында бір бөлмелі пәтердегі жылу үшін шамамен 9,5 мың теңге төлесе, енді қабылданған шаралардан кейін құны 4,5 есе 2,2 мың теңгеге дейін төмендеді.
 
Бірқатар өңірлерде электр мен жылу тарифтерін 16 млрд. теңгеге төмендету міндеті тұр. Қ. Қожамжаров Ұлттық экономика министрлігіне тарифтерді қалыптастыруға тиісті бақылаудың жоқтығын атап өтті
Бүгін Бас прокуратура алқасының отырысында көптеген сын айтылды. Жиында электр, жылу энергиясына тарифтерді қалыптастыру кезіндегі заңдылық мәселелері талқыланды.
«Біздің тексерулеріміз бақылаушы органның назарынан тыс қалған бұзушылықтарды анықтады. Бұл тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды 10 млрд. теңгеге орындамау, 12 млрд. теңгеге тарифтік сметаларға заңсыз шығындарды қосу және басқалары», - деп атап өтті Бас Прокурор.
 
Мәселен, Алматыда монополияға қарсы орган форс-мажор болмаған жағдайда «Алатау Жарық Компаниясы» тарифті төтенше шара ретінде ұлғайтуға келісті.Нәтижесінде, кәсіпорын тұрғындар есебінен 1,4 млрд-қа байыған.Шаһар тұрғындарына қадағалау шараларымен аталған шығындар өтелді.Солтүстік Қазақстан облысында «СК РЭК» АҚ 2015 жылы жұртшылық пен сарапшылар қоғамдастығының пікірін ескермей, алдағы бес жылға арналған тарифті көтерген.Прокурорлар заңсыз бұйрыққа наразылық енгізді. Алайда жергілікті бақылаушы орган тарифтердің күшін жою туралы прокурордың талаптарын орындаудан бас тартты.Нәтижесінде тұтынушылардың мүдделері прокурордың талап-арызы бойынша сот тәртібімен қорғалды.


Вернуться назад

Коммунальное государственное предприятие на ПХВ
"Районная больница Осакаровского района"
Управления здравоохранения Карагандинской области
Яндекс.Метрика