Қарағанды обласының денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ "Осакаров ауданының аудандық ауруханасы"
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
10100 Казахстан, Карагандинская область, Осакаровский район, п. Осакаровка, ул. Школьная, 124
+7 (72149) 41-37-8, 42-07-7, 42-29-2
Номер регистратуры - 41-57-6, 8(72149)79900

kgkprmo@mail.ru


Дәрілік заттарды қолдану бойынша ақпарат алу үшін
8-800-08-88-87 тегін телефон желісінің нөмірі
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі.
Тел. 87214943383 сот.87771342689
Кабинеттің жұмыс кестесі 8:30 - 17:30 үзіліс 13:00 - 14:00

Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!

Медициналық қызмет көрсету сапасына, медициналық этика мен деонтологияның бұзылуына қатысты шағымды (өтініштерді) e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы беруге құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.
Сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/e-otinish

Өтінім беру туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы «Осакаров ауданының аудандық орталық ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жауапты қызметкері Кожанова Б.А. тел. 872149 41378




10 Тамыз 2023 «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ төменде көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарына байқау кеңесінің мүшелігіне бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

ХАБАРЛАМА
«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ төменде көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарына байқау кеңесінің мүшелігіне бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу күні: 11.09.2023 жыл.
Конкурсты өткізу орны: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 үйі, 4 қабат, конференц – зал, телефон 8(7212) 559784.
1. Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 5/4 құрылысы мекенжайы бойынша орналасқан «Қарағанды қаласының № 5 емханасы» КМК байланыс телефоны 8(7212) 77-03-23. Кәсіпорынның қызметі-медициналық көмек көрсету. 2 бос орын.
2. Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Транспортная көшесі, 19 ғимараты мекенжайы бойынша орналасқан  «Приозерск қаласының орталық ауруханасы» КМК байланыс телефоны 8(71039) 5-23-43. Кәсіпорынның қызметі-медициналық көмек көрсету. 1 бос орын.
3. Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаров кенті,  Школьная көшесі, 124 үйі мекенжайы бойынша орналасқан ШЖҚ «Осакаров ауданының аудандық ауруханасы» КМК байланыс телефоны 8(72149) 4-13-78. Кәсіпорынның қызметі-медициналық көмек көрсету. 2 бос орын.
4. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылдық округі, Ақтоғай ауылы, Серікбай Оразалин көшесі, 1 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан ШЖҚ «Ақтоғай ауданының аудандық ауруханасы» КМК байланыс телефоны 8(71037) 2-18-04. Кәсіпорынның қызметі-медициналық көмек көрсету. 1 бос орын.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестеріне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімінің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:
- денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және(немесе) бизнес және(немесе) құқық саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің;
- денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және(немесе) бизнес және(немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің;
- денсаулық сақтау және(немесе) экономика және(немесе) бизнес және(немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлана алмайтын тұлғалар:
- соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
- заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болған;
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
- байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы тұлға.
Құжаттар «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ № 14 кабинетке баспасөз басылымдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн мерзімде ұсынылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; 
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған); 
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі; 
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері; 
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау күні 10.08.2023 жылдан бастап.

















Страницы: 123456789
Қарағанды обласының денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ "Осакаров ауданының аудандық ауруханасы"
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Яндекс.Метрика