Қарағанды обласының денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ "Осакаров ауданының аудандық ауруханасы"
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
10100 Казахстан, Карагандинская область, Осакаровский район, п. Осакаровка, ул. Школьная, 124
+7 (72149) 41-37-8, 42-07-7, 42-29-2
Номер регистратуры - 41-57-6, 8(72149)79900

kgkprmo@mail.ru


Дәрілік заттарды қолдану бойынша ақпарат алу үшін
8-800-08-88-87 тегін телефон желісінің нөмірі
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі.
Тел. 87214943383 сот.87771342689
Кабинеттің жұмыс кестесі 8:30 - 17:30 үзіліс 13:00 - 14:00

Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!

Медициналық қызмет көрсету сапасына, медициналық этика мен деонтологияның бұзылуына қатысты шағымды (өтініштерді) e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы беруге құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.
Сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/e-otinish

Өтінім беру туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы «Осакаров ауданының аудандық орталық ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жауапты қызметкері Кожанова Б.А. тел. 872149 41378

11 Наурыз 2024 00:36

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке 1,6 млрд теңге бағыттау жоспарлануда


Қарағанды облысының тұрғындарына шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек үшін 2024жылға МӘМС есебінен 1,6 млрд теңге бөлінді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облысы бойынша филиалы сіздер үшін МӘМС шеңберінде стоматология туралы ең өзекті сұрақтарды жинаптақ, оларға жауап берді.

МӘМС қаражаттары есебінен кім көмек ала алады?
Стоматологиялық көмек жоспарлы және шұғыл түрде 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі.
Шұғыл түрде азаматтардың жекелеген санаттарына: ҰОС ардагерлеріне; 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар; атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.

Жоспарлы стоматологиялық көмекке не кіреді?
Жоспарлы стоматологиялық көмек – бұл ауыз қуысының, тіс пен қызыл иектің саулығын сақтау үшін емдеу болып табылады. Атап айтсақ, тұрақты тексерулер, профилактикалық процедуралар, тісжегіні емдеу, тіс өңезін және тіс тасын алу, химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу.

Шұғыл стоматологиялық көмекке не кіреді?
Шұғыл стоматологиялық көмек амбулаторлық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек түрінде де, стационарлық жағдайда да көрсетілуі мүмкін. Бұған күрделі тісжегіні, пульпитті, периодонтитті, альвеолитті, невралгияны, невритті, стоматиттің ауыр түрлерін емдеу, күрделі тісті жұлу, абсцессті ашу, одонтогендік кистаны алып тастау, жоғарғы-төменгі жақ буынының орнынан таып кетуін түзету, тістерді уақытша шинамен бекіту, қатерсіз өсінділер мен эпулисті (жергілікті тітіркендіргіш факторлардың әсерінен пайда болатын ісік тәрізді өсінді) алып тастау. Еріннің, тілдің жүгеншігі пластикасының операциясы да МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Егер тексеру нәтижелері бойынша тіс дәрігері амбулаторлық жағдайда көмек көрсету мүмкін емес деген объективті шешім қабылдаса, ол науқасты емдеуден бас тартуға құқылы және оны жедел жәрдем арқылы ауруханаға жібере алады. Жедел госпитализацияның көрсеткіштері одонтогенді және одонтогенді емес созылмалы ауруларының қабынуы, өршуі немесе жақ-бет аймағының жарақаты, қан кету және шұғыл емдеуді қажет ететін шұғыл жағдайлар болып табылады.

Қандай стоматологиялық клиникалар МӘМС пен жұмыс жасайды және емхананың учаскелік дәрігерінен жолдама қажет пе?
Жоқ, емханадан жолдама талап етілмейді. Стоматологиялық көмекті емханалардың стоматологиялық кабинетінен де, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан жеке стоматологиялық клиникалардан да алуға болады. Өзекті тізбені Қордың fms.kz ресми сайтындағы «Медициналық қызметтерді сатып алу – КДҚ жеткізушілер» бөлімінен таба аласыздар https://fms.kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/. Сонымен қатар 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады.

Егер рентгенография өту қажет болса, тістерді емдеуден бұрын дәрілік аллергияны немесе анестезияны болдырмау үшін аллергиялық сынама жасау керек болса, ол үшін МӘМС-тен төлене ме?
Иә, егер бұл үшін медициналық көрсеткіш болса төленеді. Тіс дәрігері берген консультативтік парақ болған жағдайда тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігер қосымша тексерулерге жолдама бере алады. МӘМС шеңберінде аппликациялық, өткізгіштік, инфильтрациялық анестезия төленеді.
Тісжегінің көптеген асқынулары бар 4 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің функционалды және органикалық зақымданулары, психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (белгіленген мүгедектік) және басқа органдар мен жүйелердің зақымдануы, асқынулар мен ауырсыну қаупі бар медициналық көрсеткіштер бойынша санация жалпы анестезиямен және седациямен жүргізіледі және де «анестезиология және реаниматология» кіші түрі бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымшасы және реанимациялық іс-шараларға арналған жағдайлар қарастырылған стоматологиялық ұйымдарда жасалатынын білу маңызды.


Вернуться назад

Қарағанды обласының денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ "Осакаров ауданының аудандық ауруханасы"
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Яндекс.Метрика